Каталогтар мен картотекалар

Оқырман қауымына кітапхана қорының байлығын пайдалануын жеңілдету үшін кітапханада АБА (анықтама-библиографиялық аппарат) болуы қажет.

АБА – анықтамалар басылымдары, кітапханалық каталогтар мен картотекалар жиынтығы.

Алфавиттік каталог орталық аудандық кітапханада 1968 жылдан бастап жүргізіледі. Кітапхана қорының кітаптары мен брошюраларының библиографиялық сипаттамалары еңгізілді.

Жүйелі каталогі 1968 жылдан жүргізіледі. Кітапхана қорындағы түрлі білім саласы бойынша кітаптар мен брошюраларға библиографиялық сипаттама жасалған. Жүйелі каталог КБЖ (кітапханалық-библиографиялық жіктеу) негізінде құрылған. Білім саласына сәйкес бөлімдер мен бөлімшелерге бөлініп орналастырылған.

АБА (анықтама-библиографиялық аппараттың) қосымша көмек құралы ретінде газет-журнал мақалаларының картотекасы болып табылады.

Электрондық каталог 2008 жылдан бастап жүргізіледі.

Өлкетану мақалаларының картотекасы 1998 жылдан бастап жүргізіледі. Арнайы дайындалған жіктеу таблицасы негізінде жүргізіледі және орталықтандырылған кітапхана жүйесі жазылған жергілікті, облыстық, республикалық мерзімді басылымдар мақалаларының сипаттама карточкалары еңгізілген. Деректер  кері хронологиялық ретпен орналасқан. Картотека қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Тақырыптық картотекалар 1990 жылдан «Баянауыл» , «Өлеңдер», «Цитаталар», «Құттықтау картотекасы», «Сценарийлардың картотекасы», «Денсаулық» т.б. тақырыпта жүргізіледі.

Жинақтау папкаларының тақырыптық картотекасы 1992 жылдан жүргізіледі. Аталған картотеканы жүргізу мақсаты кітапхана мұрағатының деректер қорын жинақтау. Деректер тақырыптар бойынша жүйеленіп, папкаларға жинақталған. Осындай папкалар саны – 162.