«Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын»

Есімін туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен жазып кеткен талантты ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына биыл 85 жыл толды. Осыған орай аудандық кітапханада  «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» атты әдеби портрет өтті. Қадыр ақынның жүріп өткен өмір жолы мен қайталанбас шығармашылығын қамтыған кешке   № 2  жалпы орта блім беру мектебінің  оқушылары қатысты. Оқырмандарға бейнероликтер арқылы Қадыр Мырза Әлінің жауһар жырлары мен аударма саласындағы еңбектері, ақынмен замандас қаламгерлердің ой-пікірлері көрсетілді. Ақынның балалар әдебиетіне ден қойғандығы соншалық, балаларға арнап өлеңдермен қатар жұмбақтар, санамақтар, жаңылтпаштар жазған. Оқушылар экранға жазылған Қадыр атамыздың жұмбақтарын шешіп, өлеңдерін оқыды.Кеш қонақтары үлкендердің де, жастардың да сүйіп тыңдайтын  әндерімен танысып  «Асыл әже», «Цыган серенадасы» әндерін тыңдады. Шара соңында  кеш қатысушылары «Атамекен» әнін караокемен қосыла шырқады.