«Әл – Фараби-біздің үлкен бәйтерегіміз»

      

Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы тұлға, адамзаттың ақылгөйі, ғалым, филосов, ақын, физик-алхимик, математик, астролог, ұлы ойшыл – Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Майқайың кітапханасында «Әл – Фараби-біздің үлкен бәйтерегіміз» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаяны бейнебаян арқылы көрсетіліп, кітапханашы оның шығармашылығы, ұлы тұлғаның еңбектерімен таныстырып, жас оқырмандарымыз өз ойларымен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Шара соңында Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен еңбектеріне арнайы қойылған кітап көрмесі ұсынылды.