«Алғыс айту парызым»

        

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Бірлік ауыл кітапханасында «Алғыс айту парызым» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: «1 наурыз- Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы түсінік беру және ризашылық пен алғыс сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу болды