«Халықаралық балалар кітабы күні»

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» – деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. «Кітап маған тақтан да қымбат», – деп атап көрсеткен Шекспир.
Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай яғни сәуір айының 2-де атап өтіледі.
Кітап – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы.
Кітап! Сен адамзаттың жақын досы! Келмейді сені оқымай көңіл хошы, Ел мұңы, көңіл сыры, ақын жыры, Басылған таңба болып өзіңдей осы.
Кітап! Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады, Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады. Жеткізіп өткендердің өсиетін, Шешіліп кейде достай сырласады.
Кітап! Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы, Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы. Ашқанда-ақ өткен күннен беттеріңді, Келер күн көз алдымда кеп тұрады#2сәуір
#2апреля
#халықаралықбалаларкітабыкүні
#международныйденьдетскойкниги
#үйденшықпаелдісақта
#оставайсядомасохранижизнь
#бізбіргеміз
#мывместе