Ахметов Момын

1915 жылы Баянауыл ауданы № 10 ауылында (қазіргі Жаңажол ауылы) дүниеге келген. 1940 жылдың ақпан айында Павлодар қалалық әскери  комиссариатымен Қызыл әскер қатарына шақырылған. Осы жылдың наурыз айынан бастап 88-ші жеке инженерлік батальонының құрамында сапер болып Ұлы Отан соғысына аттанып 1944 жылдың тамыз айына дейін соғысты. Шайқастардың бірінде аяғынан жараланып 1942 жылдың 16 мамырынан  27 шілдесіне дейін госпитальда емделуде болған. 1944 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін 63-ші жеке инженерлік батальонның құрамында сапер болып жолын жалғастырған. 1944  жылдың желтоқсан айынан  1945 жылдың желтоқсан айына дейін 26 –ші зениттік полкінің атқышы болып соғысты аяқтаған. «Әскери ерлігі үшін», «Германияны женгені үшін» медальдарымен «1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 25, 40, 50, 60, 70 жылдық» мерейтойлық мадальдарымен «Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы» медалімен, II дәрежелі «Ұлы Отан соғысының» орденімен, «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған.

Соғыстан елге оралысымен 1946-1948 жылдар аралығында халықтық соттың сот орындаушы қызметін атқарған. 1951 жылдан 1952 жылға дейін ауданның ауылшаруашылық бөлімінің экономист қызметінде жүрді. 1952-1968 жылдар аралығында қайтадан халықтық соттың сот орындаушы қызметінде болды. 1973-1978 жылдары «Лекер» откорм-совхозында заготовитель болып жұмыс істеген. 1978 жылдың қаңтар айында зейнеткерлікке шыққан. 2000 жылдың 19 ақпанында дүниеден өтті.