Ахметов Нұртай

1909 жылы Павлодар облысының әскери комиссариатымен «Жолқұдық» ауылынан соғысқа аттанған. Нұртай Ахметов Ұлы Отан соғысында Ленинград фронтында 900 күн блокадаға қатысып, қолы мен аяғынан жарақат алған. 1945 жылы еліне аман-есен оралады. Еліне келген соң бейбіт өмірде 1955 жылға дейін шахтада жұмыс істеген. 1955 жылы екі көзінен айырылып, 1960 жылы «Жаңажол» аулына көшіп келген. Жауынгер Нұртай Ахметов «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған.