Ағаділов Жылбек

1913 жылдың 5 қаңтарында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1970 жылдың ақпанында қайтыс болған, Павлодар қ.

Әскери білімі. Жеделдетілген кіші лейтенанттар курстары (Армавир қ., 1939). Атағы. Лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1935 жылдың 1 шілдесінде шақырылған. Ұлы Отан соғысына Батыс майданның 6-шы атты әскери дивизиясы 152-ші атты әскери полкі құрамында; Кортченко партизандар отряды құрамында партизандар взводы командирі; 2-шіУкраин майданының 39-шы армиясы 19-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының жеке шаңғы батальоны құрамында; 2-ші Украина майданының 40-шы армиясы 133-ші атқыштар дивизиясының 169-шы жеке барлау ротасы құрамында взвод командирі ретінде қатысқан. Белоруссияны, РКФСР Брянск, Смоленск облыстарын, Чехословакияны азат етуге қатысқан. 1944 жылдың ақпанында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облыстық қаржы бөлімінде жұмыс істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени, Красной Звезды (екеу); медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Партизану Отечественной войны» II степени.