Ағжанов Жақыпбек

1908 жылы Павлодар обылысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау ауданында дүниеге келген.1916-1923 жылдар аралығында Жосалы мектебінде оқыған.  4-ші сыныпты бітірген. Ауылдың шаруашылық жұмыстарына араласын жүрді.

Соғыс сұрапылы жеткенде қолына қару алып, 1941 жылы Отанды қорғауға аттанды.      Әскери білімі: темірдол қызметкері.

1941 жылдың 7 қыркүйегінде әскери ант қабылданды.1943 жылы Воронеж соғысына қатысты.1943 жылдың мамыр айынан бастап Оңтүстік-Батыс Украинада болды. 1944 жылдары Прибалтика соғысына қатысты.     1945 жылдары қаңтар айынан бастап екінші Белоруссия ұрысында шайқасады.1946 жылы 17 маусымы денсаулығына байланысты Қызыл әскер қатарынан босатылады.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін III дәрежелі «Даңқ»  орденімен, «Ерлігі үшін» медельімен марапатталады.

Туған еліне оралған соң, бейбіт өмір еңбекке араласып, іскерлігімен танылады .1957 жылдары Қаражар ауылына қоныс аударып, малшы болып жұмыс атқарады.1959 жылдары Қаражар ауылынан алты шақырым жерде орналасқан Қарашат ауылында бірнеше жыл дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. 1962 жылдары қырманда қарапайым жұмыысшы болды.    Жақыпбек ата өмірінің ақырына дейін Қаражар ауылында тұрған.    Қаһарман майдангер 1985 жылдың 5 мамырында өмірден өтті.