Байділдин Хафез (Кафиз)

  Павлодар облысы Баянауылауданында 1923 жылдың 15 маусымында туған.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Гвардия аға сержанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1942 жылы шақырылған. 100 – ші гвардиялық атқышта дивизиясының 298 – ші атқыштар полкі құрамында 1-ші атқыштар батальонының 3 – ші атқыштар ротасындағы атыштар бөлімінің командирі(карелия, 2-ші, 3 –ші Украина майдандары); мерген покі құрамында взвод командирі ретінде соғысқан. Австрияны азат етуге қатысқан. 1947 жылдың 4 ақпанында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Шөптікөл ауылындағы орта мектепте бастауыш сыныптардың мұғалімдері ретінде істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 г.г.», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.», «Трицать лет Победы в Великой Отечественной войны 1941 – 1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».