Байжанов Қауый Мырзабекұлы

 1914 жылы Павлодар уезі Қызылтау болысы №19 ауылында туған.

Атағы. Старшина.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1941 жылы шақырылған. 25  ші армияның 40 – шы атқыштар дивизиясы құрамында  кеңсе хатшысы ретінде Жапониямен соғысқа қатысқан.1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Қазақ КСР Даярлау министрлігінің Павлодар облысы Баянауыл, Каганович аудандары бойынша уәкілінің орынбасары, Каганович аудандық ауыл шаруашылық және даярлау басқамаында даярлау бөлімінің басшысы және басшының  орынбасары, Қазақ КСР Даярлау Министрлігінің  Павлодар облысы Каганович ауданы бойынша уәкілі, Баянауыл аудандық «Заготскот» кңесінің басқарушысы, Павлодар облысы Баянауыл ауданы  «Большевик» ұжымшарының төрағасы болып істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За боевые заслуги», «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 г.г.», «За Победу над Японией».