Байғабылов Рахмет

 1919 жылдың 1 қаңтарында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы, 1991 жылдың 8 мамырда Павлодар облысында қайтыс болған.

Әскери білімі, мамандығы. Ульяновск әскери байланыс училищесі (Ульяновск қаласы 1942), телефоншы.

Әскери атағы. Қатардағы.

Қызметі. Далалық кабельдік желінің маманы, телефоншы.

Жаунгерлік жолы. ЖШҚА – ҒА 1940 жылдың ақпанында шақырылған. Ұлы Отан соғысына 1212 – ші танкке  қарсы жойғыш артиллериялық полкте, 321– ші гвардиялық танкке қарсы жойғыш артиллериялық полкте, 738 – ші жекебайланыс батальонының телефоншысы, кабельдік желінің телефоншысы ретінде қатысқан. Полтава қаласының түбіндегі шайқастарға, Польшаны, Чехословакияны, Германияны азат етуге қатысқан. 1945 жылдың 29 қарашасында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облыстық карточкалық бюрода сектор меңгерушісі, Павлодар қаласының №1 шаруашылық есептегі дүкенде, пионер лагерінде қоймшы, «Павлодарводстрой»  терісінің ЖМК – 58, ЖМК – 2 жұмысшы, бұрғылау шебері, слесарь болып істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны ІІ степени, Славы ІІІ степени; медальдар: «За отвагу» (три), «За боевые заслуги», «Ветеран труда», «За освоение целинных земель»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.».