Әліпбеков Қатрен Байжанұлы

 Баянауыл ауданында 1918 жылы дүниеге келген. Әскер қатарына 1940 жылы шақырылған. Бакински-авиациялық училищесін бітірген соң, соғысқа аттанған. 1940 жылы КПСС мүшесіне қабылданған. 1944 жылы қан-төгісті ұрыстардың бірінде жау оғынан ауыр жарақатпен госпитілге түседі. Госпительден кейін елге оралады. Бірнеше медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін ұстаздық қызмет атқарған. 1969 соғыста алған жарақаттың зардабынан дүниеден өтті.