Әмзин Нәбікен (Набекен, Набикен)

1913 жылдың 5 наурызында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2004 жылдың 20 маусымында қайтыс болған.

Әскери мамандығы. Барлаушы, атқыш. Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың шілдесінде шақырылған. 314-ші атқыштар дивизиясы құрамында қатардағы жауынгер, барлаушы; 5-ші екпінді армияның 20-шы жеке батальонында қатардағы жауынгер ретінде соғысқан. 1945 жылдың 23 қазанында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Қазақстан КП(б) Баянауыл аукомында әскери бөлімінің меңгерушісі,  Баянауыл ауаткомы төрағасының орынбасары, «Химик» өнеркәсіп артелінде, «Майкаинзолото» камбинаты алтын іздестіру фабрикасында төраға (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) болып істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны I степени, Отечественной войны II степени; медальдар: «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг».