Әмиров Төуекел (Тавикель)

1912 жылы туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының  тумасы; 1990 жылдың 22 қазанында қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылы.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың 24-ші маусымында шақырылған. 431-ші атқыштар полкі құрамында; 100-ші жеке атқыштар бригадасы құрамында соғысқан. 1943 жылдың маусымында жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Омскідегі тері-тон зауытында қой терісін жиектеуші (РКФСР), Баянауыл ауданы «Химик» артелінде, Баянауыл аудандық өндіріс комбинатында пима басушы, КСРО Мембанк Баянауыл аудандық бөлімшесінде, Баянауыл ауданы коммуналдық шаруашылығында (Павлодар облысы) күзетші болып істеген.

Марапаттары.   Ордендер: Отечественной войны I степени, «Знак почёта»; медальдар; «За отвагу», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».