Әміренов Маныбай (Манабай)

1904 жылдың 21 қаңтарында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1980 жылдың 28 тамызында қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз ауданы Байет ауылы.

Әскери мамандығы. Атқыш автоматшы, қол пулеметші.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 13 наурызында шақырылған. 91-ші, 217-ші жеке запастағы атқыштар полкі құрамында атқыш ретінде соғысқан. 1945 жылдың 9 тамызында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Екібастұз ауданы «Ақкөл» кеңшарында ағаш ұстасы болып істеген.

Марапаттары. Медальдар. «За освободение Варшавы», «За взятие Берлина»,«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «Ерен ерлігі үшін», «Ветеран труда»; мерейтойлық медаль: «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».