Әндіржанов Манап, (Маннаф) Әндіржанұлы

1921 жылы 25 қазанда туған,  Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2002 жылдың 18 сәуірде қайтыс болған. Павлодар қ.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың желтоқсанында (1942 ж мамырда) шақырылған. Дон майданы 333-ші атқыштар дивизиясы құрамында; Сталинград, 3-ші Украин майдандарында әскер құрамында бөлімше командирі ретінде соғысқан. Сталинградтты қорғауға қатысқан. 1943 жылдың желтоқсанында жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Куйбышев ауданы Ақкөл жеті жылдық, Сталин орта мектептерінде директор, Куйбышев ауданы Краснокутск ауылындағы орта мектепте мұғалім, Чкалов жетіжылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, Краснокутск аудандық ХББ меңгеруші, Краснокутск  ауатком төрағасының бірінші орынбасары, №2 Краснокутск орта мектебінің директоры (Павлодар облысы).

Қазақ КСРеңбек сіңген мұғалім.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны I степени, Отечественной войны II степени, Красной Звезды, Славы III степени, «Знак Почёта»; медальдар: «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «За освоение целинных земель»; белгілер: «Отличник просвещения СССР», «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі».