Әпенов Әміржан (Өмержан) Әпенұлы

1912 жылдың 1 ақпанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы, 1977 жылдың сәуірінде қайтыс болған, Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұйымшыл а.

Әскери мамандығы. Атқыш. Барлаушы. Атағы. Лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1938 жылдың 17 қыркүйегінде шақырылған. Ұлы Отан соғысына (Брянск, Воронеж майдандары) 6-шы армия құрамында 22-ші жеке гвардиялық мотоатқыштар барлау ротасында мерген; бронды танк әскерлері құрамында қатысқан. 1946 жылдың шілдесінде әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Баянауыл ауданы Майқайың қазақ орта мектебінің мұғалімі, Ертіс ауданы Ертіс қазақ орта мектебінің директоры, Ертіс ауданы инспекторы, Ертіс қазақ орта мектебінің оқу ісі меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Ертіс аукомының нұсқаушысы, Ертіс ауданы (Павлодар облысы) №2 орта жалпы білім беру мектеп интернатының мұғалімі болып істеген.

Марапаттары. Орден: Красной Звезды; медальдар: «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне», «Қазақ КСР халықтық білім беру үздігі».