Әужанов Оразалы

 1913 жылы Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында дүниеге келген. 1940 жылы әскер қатарына Баянауыл ауданының әскери комиссариаты арқылы шақыртылған. Соғыс жылдарында 26-ыншы артиллериялық полк құрамында қанқұйлы шақтарды басынан өткереді. Соғыста бірнеше рет жараланған. Майданда танытқан ерлігі үшін «II дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Будапешті алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін», «1941-1945  жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Пятьдесят  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.». «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Соғыстан кеінгі жылдары туған жерінде қызмет етіп, ауылының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосты. Осынысы үшін де «Еңбек ардагері» атағын алды. Жұбайы Рашкен Қаратайқызмен 6 бала тәрбиелеп өсірген. 1995 дүниеден озды.