Байғожин Сейтқұл

 1901 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы, «Жосалы» ауылында туған.

1942 жылдың 22 мамыр айында Баянауыл ауданының әскери комиссариатымен Қызыл әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Воронеж, Варшава, Ленинград қалаларын азат етуге қатысқан, бірнеше рет ауыр жараланып госпитальге түскен. Елге соғыстан 1946 жылдың көктемінде оралған.

Соғыстан кейінгі жылдары ел ішіндегі жұмыстарға араласып, құрметті еңбек демалысына шыққан. Жауынгер атамыз 1986 жылдың желтоқсан айында дүниеден озған.

Марапаттары. «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 г.г.» медалі; «Трицать лет Победы в Великой Отечественной войны 1941 – 1945 гг. мерейтойлық медальдары; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».