Зиятдинов Ахметқали (Әкіш) Зиятдинұлы

1914 жылдың 5 қарашасында туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының тумасы; 1984 жылдың 7 наурызында қайтыс болған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Шөптікөл ауылы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына, Польшаны, Германияны азат етуге қатысқан.

Жапониямен соғысқа қатысқан. 1946 жылдың қыркүйегінде әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Майкөбе геологиялық барлау партиясында ағаш ұстасы. Шөптікөл көмір разрезінде (Павлодар облысы) эксковаторшы болып істеген.

Марапаттары. Орден Отечественной войны II степени; медальдар: «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За Победу над Японией», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдер «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».