Мемлекеттік рәміздер күні!

Баянауыл аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне  «Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы» атты ақпарат сағатын өткізді. Іс шараға №2 ЖОББМ-тің жазғы лагердін  балалары қатысты. Бейнероликте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұран туралы ақпарат ұсынылған. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңның қабылданған жылы мен мемлекеттік рәміздердің авторлары көрсетілген. Мақсаты: танымдық қызығушылықты дамыту, Мемлекеттік рәміздер саласындағы ой-өрісті кеңейту. Оқырмандарды Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің халықтарының тарихи өткені мен дәстүрлеріне құрметпен және ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Отансүйгіштік сезімін және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

 

Facebook

Instagram