«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ СИМВОЛЫ»

«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ СИМВОЛЫ»

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Осы мақсатта Майқайың, Үшқұлын кітапханаларының ұйымдастыруымен «Жасай бер, жаса Тәуелсіз елдің рәміздері!» атты әдеби танымдық сағаты өтсе, Егіндібұлақ, Майкөбе ауыл кітапханалары «Мемлекеттік рәміздер- ұлтттық мақтанышымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сонымен қатар, Жаңатілек ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен Қазыбек Бөкеннің «Рәміздерім-ұлттың басты нышаны» атты өлеңін ауылдық мәдениет үйінің мәдени-ұйымдастырушысы Дулат Қабікен мәнерлеп оқыды. Аталмыш шараларға кітапхананың тұрақты көрермендері қатысты.