«Зиянды заттардан аулақ бол»

«Балалыққа кітаппен барар жол» жазғы кітапхана жобасы аясында балалар әдебиет бөлімі «Зиянды заттардан аулақ бол» атты денсаулық сағатын  Лекер ЖНББМ «Достық» жазғы лагерінің оқушыларымен өткізді.

Кітапханашы балаларды денсаулық біздің ең басты байлығымыз екендігін түсіндіріп, одан әрі шара ойын түрінде жалғасын тапты. Кезең- кезеңнен тұратын сұрақ жауап  ойынында балалар түрлі сайыстардан ( «Жаттығайық, сапқа тұр!», «Пайдалы-зиянды», «Қозғалыс – бұл өмір», «Денсаулық зор байлық», «Дәрумендер-досымыз» ) өтіп, денсаулық туралы басты мәліметтерді алды.

Шараға «Денсаулық зор байылық» атты тақырыптық кітап көрмесі дайындалып, көрмеге шолу жасалды. «Если хочешь быть здоров, правильно питайся» / «Приключения волшебной кастрюльки и её друзей витаминчиков» кітаптары балалардың үлкен қызығушылықтарын туғызды. Шара балалардың белсенді қатысуымен өте қызықты өтті.

 

Instagram

Facebook