Түсіпбаев Төлеш

1912 жылдың  12 ақпанында Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған.

Әскери білімі, мамандығы. Москва  Әскери Округінің саяси құрамаларды дайындау  мен қайта  даярлау курстары. Саяси  жетекші.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 ж. 18 шілдесінде шақырылған. Ұлы Отан соғысына 598-ші  жеке сапер батальоны құрамында сапер  ретінде,18-ші армиялық оқу-жаттығу атқыштар полкінің сапер бөлімшесінің командирі ретінде қатысқан.1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Іле №2 жемкеңшары директорының мал дайындау жөніндегі орынбасары.Суықбұлақ известь (әктас) заводының  басшысы.(Алматы облысы), Көкпекті ауданы  бойынша  Мемсақтандыру инспекциясының аға инспекторы (Шығыс Қазақстан облысы), Баянауыл ауданы «Степной» кеңшарының  мұнай базасының  меңгерушісі болып жұмыс істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Отечественной войны  І степени, «Славы ІІІ  степени» ордендері; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда», «За освоение целинных земель» медальдары; «Двадцать лет в  победы  в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы  в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет  Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» мерейтойлық  медальдары;  «25 лет  Победы в Великой Отечественной войне» төсбелгісі.