Түсіпбеков Кәкім

1919 жылдың 23 желтоқсанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1975 жылы наурызда қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы.

Әскери мамандығы. Жолшы.

Атағы. Ефрейтор.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылы 27 шілдеде шақырылған. 34-ші жеке қалпына келтіру теміржол батальонының 2-ші жол ротасы құрамында соғысқан. 1946 жылы 28 ақпанда әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы «40 лет Октября» атындағы кеңшарда мал шаруашылығы бойынша есепші, бригадир болып істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель», мерейтойлық медалі: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг»; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».