Баянауыл аудандық кітапхана жүйесі

Баянауылда кітапханалық қызмет көрсету 1930 жылдарда басталды. Мұрағаттық деректерге қарағанда 1935 жылы Баянауылда 3300 дана кітап қоры бар кітапхана жұмыс жасаған. Орталық аудандақ кітапхана 1950 жылы ашылған. 1980 жылы аудан кітапханалары жаңадан құрылған орталықтандырылған кітапхана жүйесіне біріктірілді. ОКЖ құрамына 45 кітапхана-филиал кірді. Ауданымызда кітапхана саласының дамуына өзіндік үлес қосқан Н.Қ. Қазкенова, З.Е. Елубаева, В.Ф. Яско, Г.Т. Назарбаева, Қ. Шолақова, Қ.Ә.Балдаеваларды атап кетуге болады. Осы салада 30 жылдан аса Г.Баймақанова, Ш.Бакишева, Ш.Темірбекова, Н.Маслюковалар қызмет еткен.