Баянауыл ауданы тарихы мен мәдениеті бай бірегей аймақ. Баянауыл таулары, тоғайлары, көлдері, әр түрлі флора мен фаунасы бар ұлттық табиғи парк.

Жерлестеріміздің есімі республикамыздан тыс жерлерге де танымал. Баянауыл жері – ғалымдардың, жазушылардың, ақындар мен қоғамдық қайраткерлердің отаны. Әдебиетте, мәдениетте, ғылымда басқа өңірлерде осыншама талантты адамдарды кездестіру қиынға соғар еді. Қазақ халқы өз ұлдарын атақты батырларын, би, жырау, қоғам қайраткерлері және т.б. атақты адамдарын мәңгі естерінен шығарған емес.

Сіздерге біздің өлкеміз және танымал адамдары туралы мультимедианы ұсынамыз. Берілген парақшадағы бейнематериалдарды кәсіби емес , қарапайым адамдар түсірген. Баянауылдың тарихы мен сұлулығы жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, сонымен қатар біздің сайттың көптеген қонақтары үшін де тартымды болып қала береді.

Сілтемелер бойынша өтіп, сіз мамандар түсірген бейнероликтерді қарай аласыз.