Ақышев Зейтін (1911–1991)

Зейтiн Ақышев 1911 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1936 жылы Омбы жұмысшы факультетiн бiтiрiп, кейiн 1938 жылы Семей пединститутының физика-математика факультетiн тәмәмдаған. 1938-1952 жылдары Баянауыл мектебiнде математика пәнiнен дәрiс берiп, кейiн мектеп директоры болды. Аудандық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi және Павлодар педучилищесiнде сабақ берiп, аудандық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi болып қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары Павлодар облысы оқу бөлiмiнiң (облоно) меңгерушi қызметiнде жүрiп, Павлодар облыстық тарихи- өлкетану мұражайының ашылуына үлкен көмек көрсетiп, мүмкiндiктер жасады.

З.Ақышев 1952-1966 жылдары «Мектеп» баспасында редактор, редакция меңгерушiсi, бас редактор. 1955-1960 жж. «Қазақстан мұғалiмi» газетiнде редактор. 1966-1969 жж. ҚазКСР Министрлер Кеңесiнiң «Қазақ КСР үкiметiнiң қаулылар жинағы» редакциясында аудармашы-редактор болды. 1969-1976 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болып қызмет жасады.

Алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгiмелерi 1930 жылы жариялана бастады. Тұңғыш очерктер жинағы «Бiздiң шамшырақтар» 1962 жылы жарық көрдi. «Достарым менiң» атты әңгiмелер жинағы (1967), Ертiс өңірі еңбекшiлерiнiң Совет үкiметiн орнату жолындағы күресiн суреттейтiн «Ақбел асуы» (1976), белгiлi ақын, әншi, композиторлар Жаяу Мұса мен Иманжүсiптiң өмiрiн суреттеген «Жаяу Мұса» (1978), «Шынардың шыбығы» (1987) романдарының, сондай-ақ, «Жаяу-Мұса», «Келiндер», «Құтылмайды ол» пьесаларының авторы. Жекелеген туындылары орыс тiлiне аударылған. В.Ф.Панованың «Кружилиха» (1950), А.И.Куприннiң «Жекпе-жек» (1954), Я.Коластың «Талаш атай» (1956) т.б. романдарын қазақ тiлiне аударған.

З.Ақышев «Еңбектегi ерлiгi үшiн» медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Әдебиеттер:

Ақышев Зейтін. Ақбел асуы: роман. – Алматы: Жазушы, 1971. – 238 б.

Ақышев Зейтін. Бәрі де есте: повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1982. – 192 б.

Ақышев Зейтін. Біздің шамшырақтар: очерктер. – Алматы: 1962. – 300 б.

Ақышев Зейтін. Достарым  менің: әңгімелер мен повестер.-Алматы:  Жазушы,  1967. – 108 б.

Ақышев Зейтін. Жаяу Мұса: роман. – Алматы: Жалын, – 1978. – 448 б.

Ақышев Зейтін. Жаяу Мұса: роман. – Алматы: Жібек жолы, 2011. – 456 б.

Ақышев З. Жесiрлер: роман. – Алматы, 1973. – 200 б.

Ақышев Зейтін. Иманжүсіп: роман. – түзетіліп, толықт., 2-ші бас. – Алматы: Жібек жолы, 2003. – 416 б.

Ақышев З. Телқоңыр: деректі повестер. – Алматы: Өнер, 1986. – 176 б.

Ақышев Зейтін. Шынардың шыбығы: роман. – Алматы: Жазушы, 1987. – 352 б.

* * * * *

Ақышев Зейтін // Баянаула перзенттері. 1- кітап. – Павлодар, 2008. – 404 б.

Ақышев Зейтін // Баянаула перзенттері. 2- кітап. – Павлодар, 2010. – 662 б.

 

Ақышев Зейтін // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 32 б.

Ақышев Зейтiн // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. 4 т. – Алматы, 1989. – 4т. – 110 б.

Ақышев Зейтiн // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст. Қ.Саят, Қ.Жұмашева. – Алматы, 2009. – 23 б.

Ақышев Зейтiн // Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр: анықтамалық. – Алматы, 2004. – 22 б.

Ақышев Зейтiн // Советтiк Қазақстан жазушылары: биобиблиогр. анықтамалық. – Алматы,1987. – 19 – 20 б.

Зейінді зерде – зергерлік перне // Әлімбаев М. Толқыннан толқын туады. – Алматы, 1992. – 148 – 151 б.

Ойы терең, қаламы қарымды жазушы // Алдабергенов Қ., Арын Е., Баткеева Б. Бiр туар дара тұлғалар. – Павлодар, 2003. – 213 – 219 б.

* * * * *

Әбен Қ. Қаламгер келбеті : (Жазушы Зейтін Ақышевтың туғанына 95 жыл толуына орай) // Сарыарқа самалы. – 2006. – 13 сәуір. – 16 б.

Әбентегі Қ.М. Көзден кетсе де, көңілден кетпейді // Сарыарқа самалы. – 2011. – 14 сәуір

Балабаева Г. Мәңгілік сәт // Баянтау. – 2011. – 22 сәуір. – 2 б.