Жүсіп Қуандық Пазылұлы (1941)

0.11.1941 ж. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол (қазіргі Мәшһүр Жүсіп) ауылында дүниеге келген.

Филология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996), жазушы, әдебиетші. Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі (1991,) КСРО (1979), және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1992). ҚазПИ-ді (1964, қазіргі ҚазҰПУ), Қазақ КСР ҒА-ның Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын (1967) бітірген. 1968-1991 ж. Семей педагогикалық (қазіргі Семей мемлекеттіқ университеті) институтында аға оқытушы, доцент. 1991-95 жылдары аталмыш жоғары оқу орны қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 1995-1997 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы  Екібастұз инженерлік- техникалық институтында «Филологиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі және Екібастұз жоғары педагогикалық колледжінде қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі болды. 1997 жылдан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттіқ университетінің қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі.

Қуандық Пазылұлы «Құрмет» орденімен (2012), С.Торайғыров атындағы алтын медалімен (2010), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін»  белгілерімен наградталған (2001).

80-нен аса ғылыми еңбектердің және бірнеше монографиялардың авторы.

 

Әдебиеттер:

 

Жүсіп Қуандық Пазылұлы // Баянаула перзенттері. 1- кітап. – Павлодар,2008. –323 бет.

Жүсіп Қуандық Пазылұлы // Ертістің Павлодар өңірі: энциклопедия. – Алматы, 2013. – 356 б.

* * * * *

Әулие әулет ұрпағы:Қуандық Пазылұлы Жүсіповтың 60 жасқа толған мерейтойына құттықтау// Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2001. – №12. – 1 б.