Тайшықов Қадыр (1900-1937)

Павлодар облысы, Баянауылда туған. 1926 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне түседі. 1928 жылы «Еңбекші қазақ», 1932 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде әдеби қызметкер. 1933-1937 жж. Қазақ мемлекеттік баспасында редактор болған. «Мөлтең», «Бұйрас», «Қабсыңқа» деген лақап атпен жарияланған әңгімелері мен фельетондары бар. 1935 жылы «Күлмесек не?» атты сатиралық жинағы, 1936 жылы «Октябрь ұшқыны» атты кітабы жарық көрді. Гогольдің «Өлі жандар», Фурмановтың «Чапаев», М.Кольцовтың «Иван Вадимович өз дәрежесіндегі кісі» атты роман, повестерін аударған.

Әдебиеттер:

Тайшықов Қадыр. Октябрь ұшқыны: әңгімелер мен күлдіргі әңгімелері. – Алматы: Көркем әдебиет, 1962. – 195 б.

Тайшықов Қадыр // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық. – Алматы, 1987. – 596 – 597 б.

***

Тайшықов Қадыр // Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, 2009. – 377 б.

Тайшықов Қадыр // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 491 б.

Тайшықов Қадыр // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 677 б.

Тайшықов Қадыр // Алдабергенов Қ. Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар, 2003. – 364 б.

Қадыр Тайшықов // Әбентегі Қ.М. Рух нәрі – ұлы сөз. – Павлодар: ЭКО, 2009. – 119 б.