Тоғандыков Жабай (1889-1978)

1889 ж. Баянауылда дүниеге келген – 10.08.1978 ж. Қарағанды қаласында қайтыс болған.

Әнші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1945).

Өзінің жерлесі ақын Қали Байжановпен танысып, ақыннан өнерге үйренеді (1903). 1916-1917 жылдары Екібастұз шахтасында жұмыста, Рига қаласына тыл жұмыстарына жіберіледі. 1917 жылы Павлодарға оралып, Жұмат Шанин ұйымдастырған көркем өнер үйірмесінің қатысушысы болады. 1932 жылдан 70-жылдардың аяғына дейін Қарағанды облыстық радио комитетінде әншілік қызметте істеді. Оның репертуарында жүзден астам қазақтың халық әндері мен күйлері, сонымен қатар кейінгі композиторлардың шығармалары да бар.

Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің бірінші декадасына қатысушы (1936).

 

Әдебиеттер:

Тоғандыков Жабай// Баянаула перзенттері. 1- кітап. – Павлодар,2008. –422 б.

Тоғандыков Жабай// Ертістің Павлодар өңірі: энциклопедия. – Алматы, 2013. – 688 б.

* * * * *

Жанғожин А. Қарағанды – облыс орталығы // Орталық Қазақстан. – 2003. – 27 желтоқсан

Қуатқызы А. Жабай әншінің үні қайта жаңғырды // Баянаула баурайы – 2009.  24 шілде – 1 б.

Мергенбаев С. Әнімен әлдилеген Арқа төсін // Отарқа. – 2009. – 16 шілде

Рахимов Е. «…Сайрасын деп көмейіме үн берді» / Сарыарқа самалы. – 2014. – 30 қазан. – 8 б. Солтанбаев З. Арқаның әнші ағасы Тоғандықов // Сарыарқа самалы. – 2009. – 10 қазан. – 5 б.

Солтанбаев З. Әнші Жәкен // Сарыарқа самалы. – 2009. – 16 шілде. – 15 б.

Төлеутай Е. Жабай Тоғандықов (1889-1978) // Алаш Орда. – 2009. – 2 қаңтар. – 3 – 4 б.