Белгібай Шалабаев (1911-1990)

1911 жылы 14 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Ол 1933 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының Тіл жэне әдебиет факультетін, 1937 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1937-1938 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті қазақ эдебиеті кафедрасында аға оқытушы, әрі қазақ педагогика институтында оқытушы қызметтерінде болған.

1944 жылы «С. Торайғыров творчествосы қазақ романының тарихында» деген тақырыпта кандидаттық диссертация, 1970 жылы «Қазақ прозасының тарихы (сюжет жэне характер)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 1944 жылы ҚазПИ-ның тарих  филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, 1949-1951 жылдары ҚазМУ-нің филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 1951-1973 жылдары доцент, 1973-1980 жылдар аралығында профессор, 1980 жылы кафедраның кеңесші профессоры. «Қызыл Жұлдыз» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі.

1990 жылы «Жазушы» баспасынан Б. Шалабаевтың ұзақ жылдар еңбегінің қорытындысы ретіндегі «Қазақ романының тууы мен қалыптасуы» атты кітабы жарық көрді. Бұл монография 1917 жылғы төңкеріске дейінгі жэне одан кейінгі кезеңдегі қазақ прозасының үздік шығармаларындағы сюжет пен мінездердің өзара қатысын көрсетеді.

Ғылыми-зерттеу еңбектері негізінен әдебиет тарихы мәселелеріне арналган. «Қазақ совет әдебиеті тарихы» (Зт., 1948, 1960), «Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктері» (1949) авторларының бірі. Шалабаевтың «Жекпе-жек» повесі, (1936), «Өмірде не болмайды» (1961) әңгімелер мен фельетондар жинағы 1961 жылы жарық көрді. В.Г. Короленконың «Тілсіз» повесін, М. Горькийдің «Жастар мен балалар туралы» мақалалар жинағын, В.Г. Белинскийдің таңдамалы шығармаларын қазақ тіліне аударды.

 

Әдебиеттер:

Шалабаев Б. Көркем әдебиет тілі және оны мектепте оқыту.-Алматы:Жазушы, 1982.-87 б.

Шалабаев Б.Көркем проза тілі:Жоғары оку орындары студенттеріне арналған оқу құралы / Б. Шалабаев. – Алматы: Білім, 1994. – 128 6.

Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасуы тарихы.- Алматы: Жазушы, 1990. – 312 б.

Шалабаев Б. Өмірде не болмайды: повесть. – Алматы, 1961 -1916.

* * * * *

Қазақ әдебиеттану ғылымының майталманы // Алдабергенов Қ. Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар, 2003. – 99 – 101 6.

Шалабаев Белгібай // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 724 – 725 б.

Шалабаев Белгібай // Қазақ әдебиеті: энциклопедия. – Алматы: Қазақстан даму институты, 1999. – 679 б.

Шалабаев Белгібай // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 542 б.

Шалабаев Белгібай // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы,1999. – 679 б.

Шалабаев Белгібай // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. 4 т. – Алматы, 1988. – 3 т. – 572-573 б.

Белгибай Шалабаев // Әбентегі Қ.М. Рух нәрі – ұлы сөз. – Павлодар,2009. – 134 б.

Белгібай Шалабаев // Баянаула. – Астана,2001. – 95-96 б.

Шалабаев Белгібай // Баянаула перзенттері. – 2-кітап. – 2008. – 1 К. – 337 б.