Баянауыл тарихы

1730 жылы Баянаула тауларында жоңғар басқыншыларына қарсы, үлкен ұлт азаттық көтеріліс басталған. Қазақтың ұлы қолбасшысы, Бөгенбай мен Олжабай батырлар бастаған қол, Баянаула тауларында бекініс құрған. Олар осы жерде Халден – Сереннің алдыңғы қолына үлкен тойтарыс берген. Содан «Қалмаққырған» тауында жауын жойып, жеңіске жетіп, қалың қолымен түстікке барып, Қабанбай қолына қосылған.

1734 жылы Абылайдың қатысуымен, Сабындыкөл жағасында үш жүздің төбе билері мен батырлары жиналып, қазақ елінің сыртқы бейбітшілік саясатын дамытуға қатысты, өзекті мәселелер төңірегінде жиын өткізіп, соңы үлкен тойға ұласты.

1752 жылы 17 қазанда , ру басылар мен батырлар Баянауылда бас қосып, жасаған құпия байламдары Ресей мен Қытай императорларын да ойландырды. Олар Қазақтардың кімге қосылатынын біле алмай дал болды. Екі арыстан бірін-бірі алыстан аңдып, арадағы елді өзіне бұрып әкетудің әр түрлі саясатын жүргізе бастады. Баянаула өңіріндегі, осы дүрбелеңнен кейін ,1800 жыл феодалдық қоғамның қайта өрлеу жылы, бейбіт кезеңі іспетті сияқты көрінді. Ел руымен , ата-қоныс мекен -жайына орналасты.

1826 жылы Ресейдің Сібірлік әкімдері ,осы жылдың 14 ақпанында Шоң биге «Төртұлы одағына» арнап (Шоң бидің хандарға билік бермеуі үшін он екі рудың басын қосып құрған одағы) дербес округ ашуды ұсынады

Сол жылы Баянауыл казак станциясы ретінде Сабындыкөл жағасында, Ақбеттеу етегінде пайда болды.

1830 жылдың қыркүйек айында казак-орыстар болашақ Дуанның тұңғыш үйін салады.

1833 жылы наурыз айында Сібір комитетінің Омбы облысында екі округ құру жөніндегі ережесіне сәйкес Баянауыл кең-байтақ сыртқы округтің орталығына айналды. Оның аумағына қазіргі облысымыздың – Баянауыл, Екібастұз, Май, Краснокутск, Ақсу және Ертіс аудандарының жерлері кірді.

1833 жылы тамыз айының 22 күні Баянауыл сыртқы округі ашылып, оған қара-қазақтан Шоң би тұңғыш аға сұлтан болып тағайындалды.

1833-1869 жылдар аралығындағы аға сұлтандар болды:
1. Шоң Едіге (1833-1836)
2. Шорман Күшікұлы (1836-1837)
3. Маман Абылай (1837-1838)
4. Бопы Татенов (1838-1340)
5. Боштаев Тұрсынбай (1840-1841)
6. Бердалы Қазанғапұлы (1841-1842)
7. Қазанғап Сатыбалды (1842-1848)
8. Әли Көкшалов (1848-1851)
9. Ханқожа Татенов (1851-1853)
10. Мұса Шорманов (1818-1868)

1854 жылы семей облысының құрылуына байланысты Баянауыл сыртқы округі «Сібір қырғыздары» облысының құрамына кірді.

1868 жылы Баянауыл округі далалық облыстар ережесіне сәйкес таратылып, жаңадан құрылған Павлодар уезінің құрамына енді. Баянауыл селосы казак станциясына айналды.Оның басында атаман тұрды.

Революциядан бұрын мұнда шіркеу, приход училищесі, мешіт, медресе, телеграф, 12 кереуеттік лазарет, азық-түлік дүкені, көпестердің лавкелері болды.

Сауда негізінен жекеленген адамдардың қолына топтастырылды. Тұрғындар дән себумен, жүк тасумен, орман және балық кәсіпшілігімен айналысты.

1920 жылы совет үкіметі орнады.

1920 жылы революциядан кейін алғашқы халық санағы Баянауылда 317 аула, 1620 тұрғынді тіркеді.

1920 жылдың соңында 1930 жылдың басында қазаққ тұрғындарының негізгі көпшілігі отырықшылық өмір салтына көшті.

1927 жылы бірінші қаңтарды Баянауылдағы тұрғындардың саны 1807 адамға, ал отбасы саны 387-ге жетті.

1927 жылы Баянауыл селолық Советі 7 елді пункті біріктірді: Екібастұз, Шалқар хуторлары , Сарыжапырақ, Егіндібұлақ, Прилесная, Алексеевка және Баянауыл селоларын.

1928 жылы аудан құрылып, Павлодар округінің құрамына кірді.

1933-1937 жылдар аудан орталығында 280 орындық мектеп-интернаты ашылды.10 аттың күшіне тең двигательмен жұмыс істейтін диірмен болды.

1960-1965 жылдар аудандық партия комитеті селолық-өндірістік партия комитетіне айналды. Ал 1965 жылы қайтадан аудандық партия комитеті болды.

Баянауыл ауданы Павлодар облысындағы ең ірі аудандардың бірі болды.1931 жылдан бері ауданда «Баянтау» газеті жарық көрді. Баянауыл ауылында қазіргі таңда халық саны 5432 адам. Баянауыл ауылында жеке меншік үйлер саны 1560. 2 жалпы орта білім беретін мектеп, мектеп-интернат , «Жас Дәурен» оқу-сауықтыру орталығы, Агро-техникалық колледж, Жаяу Мұса атындағы өнер мектебі, жасөспірімдер спорт мектебі, 4 балабақша,Сұлтанмахмұт Торайғыров атындаға мәдениет үйі,Қаныш Сәтбаев атындағы мұражай, аудандық және балалар кітапхана, Мұса мырза атындағы орталық мешіт, аурухана және емхана, туберкулезге карсы орталық бар.

Баянауыл орталығында автотранспорт, өндірістік жол учаскісі, казпочта, әлеуметтік қамсыздандыру, экология ішкі істер қорғаныс істері бөлімдері, сауда т.б. мекемелер орналасқан.