Жанұзақов Ғалымжан Түсіпбекұлы

1912 жылдың мамырында туған,Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1996 жылдың қазанында қайтыс болған,Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жанатлек а.

Әскери білімі, мамандығы. Тамбов әскери жаяу әскер училищесі (Семей қ. 1943) станок пулеметші.

Атағы. Гвардия старшинасы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. 94-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 286-шы гвардиялық атқыштар полкі құрамында автоматшы, бөлімше командирі, пулемет ротасының командирінің көмекшісі; 94-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының (Дала, 1-ші Белорус, 2-ші, 3-ші Украин майдандары) 674-ші дала наубайханасының старшинасы, «СМЕРШ» қарсы барлау бөлімінің старшинасыретінде соғысқан. Молдавиягы, Польшаны, Германияны азат етуге қатысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Баянауыл ауданы бойынша КСРООСБ инспектор. Баянауыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде меңгеруші, Баянауыл аудандық тұтынушылар одағы басқармасында төраға, Баянауыл аудандық «Заготскот» кеңсесінде басқарушы, «Жаңа-Тлек» ұжымшарында төраға, №3 бөлімшесінде басқарушы, «Алексеев» кеңшары директорының орынбасары, №2 бөлімшесіндебасқарушы, 40 лет Октября ат. кеңшарда (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) экономист, директордың орынбасарыболып істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени (екеу), Красной звезды (екеу); медальдар: «За отвагу», «За освобождение Варшавы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За трудовую доблесть», «За освоение целинных земель» «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,  «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».