Жұмабаев Жұмаш Омарұлы

1925 жылдың 13 қарашасында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1975 ылдың 28 наурызында қайтыс болған, Павлодар облысы Ермак ауданы Қалқаман кен.

Әскери білімі, мамандығы. 9-шы оқу атқыштар полкі (1943) атқыш; Сретенск әскери жаяу әскери училищесі (РКФСР Читин облысы Сретенск қ. 1945).

Атағы Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың 10 қаңтарында шақырылған. Апониямен соғысқа № 15818 әскери бөлімі құрамында атқыштар бөлімшесінің командирі ретінде қатысқан. 1950 жылдың наурызында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. «Иртышуглестрой» тресінде (Павлодар облысы Экибастузугль кен.) қоймашы, техникалық қамсыздандыру бойынша тауаршы, Куйбышеа ат. кеңшардың ұмысшылары кооперативіндегі асханада меңгеруші, Қалқаман карьерінде (Павлодар облысы Кагановичь ауданы) техникалық нормалаушы, «Сарғамыс» кеңшарында (Павлодар облысы Екібастұз ауданы) экспедитор, XXIIсъезд КПСС ат. кеңшарда (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) қоймашы, «Иртышканалстрой» (басқармасында) таразышы, мұнай базасын тапсырушы, нан қабылдаупункітінің қоймасында меңгерушінің көмекшісі, қойманың меңгерушісі, машина-мелиоративтік станцияда аға тауаршы, «Дормаш» заводының қоймасында (Павлодар облысы Ермак ауданы Қалқаман кен) меңгеруші болып істеген.

Марапаттары. Медаль: «За победу над Японией».