1918 жылы туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.
Әскери білімі. Днепропетровск гвардиялық училищесі (РКФСР Томск қ.).
Атағы. Гвардия лейтенанты.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 (1940) жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 6-шы атқыштар дивизиясының 204-ші гаубициалық артиллериялық полкі батареясы басқармасы взводының радиобайланыс бөлімшесі; 537-ші зеңбіректік артиллериялық полкі құрамында артдивизион басқармасының взвод командирі; 5-ші гвардиялық қазақ атты әскер корпусының 150-ші гвардиялық жойғыш-танкіге қарсы мартиллериялық полкі құрамында (2-ші, 3-ші Украин майдандары) атыс взводының командирі, батарея командирі ретінде қатысқан. Брест бекінісін қорғауға, Белорус КСР аумағындағы, Гжатск, Москва (РКФСР) ққ. Түбіндегі шайқастарға, Молдавияны, Украинаны,Австрияны, Венгрияны, Румынияны, Югославияны азат етуге қатысқан.
Еңбек жолы. Әл-Фараби ат. Қазаұ ұлттық университетінің тарих кафедрасында (Алматы қ.) оқытушы болып істеген.
Қазақ КСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметшісі, тарих ғылымдарының кандидаты.
Марапаттары. Отечественной войны I степени, Отечественной войны II степени, Красной Звезды ордендері; «За оборону Москвы», «За взятие Будапешта» медальдарары; Почетный Серебрянный Крест с Золотыми крылями «За возрождение казачества» и казачья шашка (Қазақстан Республикасы).