Ибадулин Сейітжан Абзөкірұлы

1922 жылы туған. Павлодар облысы, Баянауыл  ауданының  тумасы.

Әскери білімі, мамандығы. Ленинград әскери округі, 2185 әскери бөлімінің полк мектебі (1941); Ленинград әскери округі 9703 әскери бөлімінің ауыр танкі мектебі (1941) «КВ» танкісінің командирі.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1940 жылы желтоқсанда шақырылған. Ұлы Отан соғысына Ленинград майданының 2-ші екпінді армиясы құрамында «КВ» ауыр танкісінің командирі, Ленинград майданының бөлімдері құрамында «СМЕРШ» қарсы барлау қызметкері ретінде қатысқан. 1945 жылдың  желтоқсанында  әскерден  қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы прокуратурасы ерекше секторының басшысы, Павлодар облыстық «Зогодскот» кеңсесі басқарушысының кадрлар жөніндегі көмекшісі, Қазақстан К(б)П Павлодар қалалық комитетінің партия, кәсіподақ және комсомол ұйымдары бөлімінің нұсқаушысы, Павлодар облысы Ертіс ауданы «Кутузов» астық кеңшары бастауыш партия ұйымының хатшысы болып істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За отвагу», «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».