1924 жылы Баянауыл ауданына қарасты Күркелі ауылында дүниеге келген.
1942 жылы әскер қатарына алынды. Осы жылдан 1944 жылдар аралығында ұшқыш механик мамандығын оқып шығады.
Неміс-фашист басқыншыларына қарсы шайқастардың бел ортасында жүрді. Жаяу әскер сапында қиянкескі ұрыстарда өшпес ерліктің үлгісін көрсетті. Вена, Будапешт қалаларын азат ету үшін болған шайқастарға қатысты.
Майданнан елге 1951 жылы оралды. Алексеевка (казіргі Құндыкөл ауылы) кеншарына ауылдық кенестің хатшысы қызметін атқарады. Кейіннен есепші мамандығын 2 жыл оқып, аталмыш бөлімшеде сол салада көп жыл еңбек етеді.
Майдангер 1987 жылы өмірден озды.