1920 жылдың 15 наурызында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.
Атағы. Аға сержант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1940 жылы шақырылған. Бас қолбасшылық резервіндегі 185-ші артиллериялық полкі топографиялық бөлімшесінің командирі, 185-ші зеңбіректік-артиллериялық бригадасы құрамында топографиялық бөлімше командирі ретінде Жапониямен соғысқа қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Орталық дүкеннің (Павлодар ауданы Шақат а.) меңгерушісі, Павлодар облысы Павлодар ауданы Шақат кеншарының жұмысшылар кооперативі басқармасының төрағасы; Қазақстан Компартиясы Павлодар обкомы хатшысының көмекшісі, Лебяжі, Ермак, Май аудандық тұтынушылар одақтарының, Павлодар облысы Павлодар ауданы Бесқарағай кеншарының жұмысшылар кооперативі басқармасының төрағасы болып істеген.
Марапаттары. Медаль «За победу над Японией».