Копеев Қонақ

1921 жылы «Жаңажол» совхозына қарасты «Ақши» қыстауында дүниеге келген. Өзінің сұрануы бойынша 1942 жылдың наурыз айында майданға аттанды. Сол бетімен барып қызылжар қаласындағы кіші офицерлер дайындайтын шұғылқысқа курстан өтеді де, әр қарай майданға жіберідеді.

Ол майданнан жиі-иі хат жіберіп тұрған. Оның ақырғы хат жазған жері Калинин майданы, Великие Луки қаласынан болған.

«Жеті жерінен жеңіл жараланып, тәуір болдым, енді соғысқа қайра кіргелі тұрмыз», – деп жазған болатын.

Қайтыс болғаны жөнінде анық мәлімет жоқ. «Хабарсыз кетті» деген хабар кейіннен жергілікті әскери бөлімше арқылы алынды.