1925 жылдың 10 қыркүйегінде туған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы; 1992 жылдың 18 қарашасында қайтыс болған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Майқайың а.
Атағы. Гвардия аға сержанты.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылы шақырылған. Украинаны, Польшаны, Чехославакияны, Германияны азат етуге қатысқан. 1947 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Екібастұз ауданы Төртқұдық а. өрт сөндіру күзетінің басшысы; «Майкаинзолото» комбинатының «Төртқұдық» кенішіндегі тау-кен цехында; «Өлеңті» кеңшарында мал шаруашылығы бойынша механик, Баянауыл ауданы «Бірлік» кеңшарында мұнай базасының меңгерушісі, сауынды сиыр табынының слесарі, Баянауыл аудандық тұтынушылар қоғамының № 1 бөлімшесінде сатушы, «Майкаинзолото» комбинатында жер асты жарушысы, жер асты үлестіруші болып істеген (Павлодар облысы).
Марапаттары. Отечественной войны I степени, Отечественной войны II степени ордендері; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда» медальдар; «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдар.