1922 жылдың 15 маусымында туған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы; 1997 жылдың 18 сәуірінде қайтыс болған.
Атағы. Кіші сержант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың наурызында шақырылған. Бас Қолбасшылықтың Резервіндегі 13-ші артиллериялық бұзып өту девизиясының 42-ші жеңіл артиллерия бригадасы 198-ші жеңіл артиллерия полкінде 3-ші батареясы құрамында оқтаушы, дәлдеуші ретінде; 13-ші артиллерия дивизиясындағы 71-ші ауыр миномет бригадасының 28-ші артиллерия полкінде командирдің көмекшісі ретінде соғысқан (Брянск, Воронеж, Далалық, 2-ші, 4-ші Украина майдандары) Курс облысы аумағындағы шайқастарға, (РКФСР), Украинаны, Польшаны, Чехославакияны азат етуге қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. КСРО Дайындау министірлігі Баянауыл ауданы бойынша уәкілдігінің тіркеу меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Баянауыл аудандық комитетінде хатшының көмекшісі, бөлім меңгерушісі, нұсқаушы, бухгалтер, аға бухгалтер, Баянауыл аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігінде инженер-технолог болып істеген (Павлодар облысы).
Марапаттары. Отечественной войны II степени, Славы III степени ордендері; «За отвагу», «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдар; «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков мерейтойлық медальдары.