Қабылбеков Қойшыбай Крвенұлы

1923 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; (1953 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжі а.) қайтыс болған.

Әскери білімі. Ташкент радиотелеграф курстары (1942), Калинин майданының кіші лейтенанттары курстары (1943).

Атағы. Гвардия лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың мамырында шақырылған. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 69-шы атқыштар полкі құрамында атқыштар бөлімшесінің командирі; 357-ші атқыштар дивизиясының 1190-шы атқыштар полкі құрамында атқыштар взводының командирі ретінде соғысқан; 3-ші Белорус майданының 39-шы армиясы штабы дала поштасының жөнелту бөлімшесі басшысы ретінде қызмет еткен. Кенигсбергті алуға қатысқан. Жапониямен соғысқа қатысқан. 1946 жылдың мамырында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар қ. халық сотының сот орындаушысы, Павлодар облысының Лебяжі ауданында халық соты болып істеген.

Марапаттары. Орден: Красной Звезды; медальдар: «За взятие Кенигсберга», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией».