Қалышбеков Бекен Сарбасұлы

1924 жылы 7 қарашада туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1994 жылы 20 қыркүйекте қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы.

Әскери білімі. мамандығы. Тамбов жаяу әскер училищесі (Семей қ. 1942 ); танкіге қарсы қару атқышы.

Атағы. Подполковник.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. Орталық майданы 108-ші атқыштар дивизиясы 539-шы атқыштар полкі құрамында танкіге қарсы зеңбірек тобының командирі, 1-ші Белорус майданы 44-ші запастағы артиллериялық полк құрамында, 2-ші Белорус майданы 218-ші артиллериялық полк құрамында атыс взводының командирі, 1-ші Украин майданы 277-ші атқыштар полкі құрамында зеңбірек командирі ретінде соғысқан. Берлинді алуға, Польшаны азат етуге қатысқан. 1946 жылы қыркүйекте әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. РКСФР партия органдарында (Москва қ.) Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы МҚК Павлодар облысы бойынша басқармасының жедел уәкілетті өкілі, аға уәкілетте өкілі болып істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны ІІ степени, Красной Звезды; медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги», «За освобождение Воршавы»,  «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»,  «За освоение целинных земель», «За безупречную службу» І степени, «За безупречную службу» ІІ степени, «За безупречную службу» ІІІ степени; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», белгілер: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».