1924 жылы туған, Қазақстан Республикасының тумасы.
Атағы. Гвардия сержанты.
Жауынгерлік жолы. 1942 жылы 25 тамызда ЖШҚА-ға шақырылды. 4-ші гвардиялық әуе-десанттық дивизиясның 15-ші гвардиялық әуе-десанттық полкінің құрамында миномет есебінің командирі ретінде соғысты. Орлов бағытындағы ұрыстарға қатысты. 1944 жылы 17 қаңтарда жараланғанына байланысты әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Жаңатұрмыс орталау мектебінің директоры (Ақмола облысының Ерейментау ауданы), Шөптікөл орталау мектебінің оқу бөлімінің меңгерушісі, Майқайың, Степной орталау мектебінің директоры (Павлодар облысының Баянауыл ауданы), Сарғамыс орта мектебінің, Төртқұдық орта мектебінің директоры (Павлодар облысының Екібастұз ауданы).
Марапаттары. Орден «Отечественной войны І степени»; медаль «За боевые заслуги»; «Отличник народного просвещения Казахской ССР» белгісі.