Қожахметов Қамыш

1903 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1986 жылдың 6 қаңтарында қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың а.

Атағы. Гвардия катардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. Айып батальоны құрамында аға пулеметші ретінде соғысқан (2-ші Украина майданы). Украинаны, Венгрияны азат етуге, Берлин қ. алуға қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданында тұрған.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны І степени, Красной Звезды;  медаль: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»; мерейтойлық медальдары: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».