Құтбеков Сайтым

1916 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл а.тумасы.

Әскери міндеті. Атқыш.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылдың 24 қазанында шақырылған. Ұлы Отан соғысына 70-ші армия құрамында 3-ші жеке байланыс полкінің радиотелеграфисті ретінде қатысқан (Калинин, Орталық, 1-ші, 2-ші Белорус майдандары).

Еңбек жолы. Баянауыл ауаткомы жалпы білім меңгерушісі болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны І степени, Красной Звезды; медальдар: «За боевые заслуги», «За освобождение Варшавы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.».