Ленюк Алексей Афанасьевич

1925 (1926) жылы 2 қыркүйекте туған. Молдова Республикасының тумасы.

Атағы. Гвардия сежанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1944 жылы сәуірде шақыртылған. Ұлы Отан соғысында 4- екпінді Армияның 1-ші атқштар корпусы, 145-атқыштар дивизиясы, 599-атқыштар полкі құрамында атқыш ретінде; 71- гвардиялық атқыштар дивизиясының 213-гвардиялық атқыштар полкі құрамында қол пулеметшісі ретінде соғысқан (Ленинград, 1-ші Прибалтика, 2-ші Украин майдандары). Ленинград қаласын (РСФСР) қорғауға, Ясско-Кишинев операциясына, Латвияны, Литваны, Шығыс Пруссияны азат етуге қатысқан.

Еңбек жолы. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының  «Жосалы» кеңшарында, Қазақ темір жолының азаматтық құрылыстарының Павлодар дистанциясында балташы-ағаш шебері, станциялық жұмысшысы болған; «Екібастұзэнергоқұрылыс» трестінде еңбек еткен. (Павлодар облысы).

Марапаттары. Ордендері: Отечественной войны ІІ степени, Славы ІІІ степени; медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; мерейтойлық медаль «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; «25 лет Победы в Великой Отечественной войне» төсбелгісі.