Лозбин Петр Иванович

1926 жылы 12 шілдеде Ресей Федерациясы, Алтай өлкесінде дүниеге келген.

Әскери мамандығы. Станокты пулеметші.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1943 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысында Белоруссияны, Украинаны, Польшаны, Чехословакияны жаудан азат етуге қатысқан. 1945 жылы Москва қаласындағы Жеңіс Парадына қатысушы.

Еңбек жолы. Шегірен МТС – да, Шалдай механикалық орман шаруашылығында тракторшы, Сейтен орманшылығында орманшы, қорушы күзетші, Бауыртал орманшылығңында қорушы – күзетші, Далалық орманшылықтың электростанциясында моторист, шофер, жұмысшы, Ворошилов МТС – да тракторшы, Жасыбай орманшылығында орманшының көмекшісі, Баянауыл механикалық орман шаруашылығында, Баянауыл турбазасында шофер болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Ордендер: Красного Знамени, Отечественной войны ІІ степени, Славы ІІІ степени; медальдар: «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.»; мерейтойлық медальдар: «Тридцать лет Победы над в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.», «Сорок лет Победы над в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.», «Пятьдесят лет Победы над в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.», «1941 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл», Маршала Советского Союза Жукова Г.К., «Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов», «50 год вызваления Рэспублікі Белорусь ад немецка – фашисцкіх захопнікау», «60 років визолення Украіни від фашистських загарбників »; төсбелгі «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».